Сенбі, 23 Қараша 2024
1739 2 пікір 24 Тамыз, 2022 сағат 20:18

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты тергеу аяқталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Іс «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қаралды, деп хабарлайды Abai.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Іс бойынша ,бес күдікті бар, оның біреуі қамауда, екеуі – үй қамақта, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Тергеу барысында заңсыз сатып алынған активтер мен айыпталушылардың жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден астам немесе 500 миллион АҚШ долларынан астам ақшалай қаражаты мемлекетке қайтарылды, – делінген ақпаратта.

Сатыбалдыұлына қатысты салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергеліп жатыр.

Айыпталушылардың басқа да заңсыз активтерін іздеу белсенді түрде жалғасып жатыр.

Елде және шетелде қосымша жылжымайтын мүлік, автомобильдер және жалпы сомасы 400 миллиард теңгеден астам немесе 900 миллион АҚШ долларынан астам ақшалай қаражат орнатылып, жақын арада мемлекетке қайтарылады.

Айта кетейік, 2022 жылдың 13 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдының ұсталғанын хабарлады. Ол «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген.

Қайрат Сатыбалды – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды да қамауға алынды. Ол Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген ақшаны ұрлады деп айыпталды.

Шілдеде Гүлмира Сатыбалдыны күзетпен ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371