Әйелдер зейнетке 61 жаста шығады
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы қысқарады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімнің 2028 жылдан бастап жүзеге асырылатынын айтты.
«Кең әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітіледі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет», - деді ол жолдауында.
Abai.kz