Бейсенбі, 10 Қазан 2024
2210 0 пікір 1 Қыркүйек, 2022 сағат 15:37

Президент сайлауын өткізуге қанша қаражат жұмсалады?

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Кезектен тыс президент сайлауын өткізу үшін қанша қаржы керек?», деген сұраққа жауап берді.

Мен президент сайлауына млрд-таған қаржы жұмсалады деп ойламаймын. Оны есептейміз. Әлеуметтік пакет, яғни жайлы мектептер мен ауылдарда ауруханалар салу бойынша алдын ала жүргізілген есеп бар. Тіпті бюджетте оған қосымша ақша қарастырылған, - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, ол,  бюджетте жетіспеген ақшаны қайдан алатынымыз есеп жүргізгеннен кейін белгілі болатынын айтты.

 

Abai.kz

0 пікір