Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2696 9 пікір 1 Қыркүйек, 2022 сағат 18:26

Жолдауда қадау-қадау ойлар айтылды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын жолдады. Біздің әзірге ұққанымыз – түбегейлі реформалар, түбегейлі өзгерістер керектігін, соның алғышарттарының алғашқы белгілерінің жүзеге аса бастағанын сезініп отырғандаймыз.
Президент өз Жолдауында: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.Сондықтан ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты.
Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды.
Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді.
Дегенмен оның жағдайы әлі де мәз емес.Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді.Сондықтан аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн» деп қадап айтты.
Президентіміздің бүгінгі Жолдауында нық қадам, батыл шешімге бел буған, үлкен қадау-қадау ойлар айтылды. Маңызды бастамалар қолға аалынып, елдің сеніміне селкеу түсірмейтін нақты іс-шаралардың тезірек жүзеге асуын күтейік. Президент айтқан маңызды шешімдерге қосылуға тиіспіз. Мұның бәрі ел күткен игі істерге бастау болары сөзсіз. Бастысы, болашаққа бағдарымызды анықтайтын нақты істердің куәсі бола берейік.

 

Ғалым Жайлыбай

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364