Бейсенбі, 10 Қазан 2024
1608 0 пікір 2 Қыркүйек, 2022 сағат 13:31

Ислам Кәрімов атындағы кітапхана ашылды

Ташкенттегі Ақсарай резиденциясында Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімов атындағы кітапхана ашылды. 

2018 жылы құрылған кітапхананың осыған дейін оқу залы ғана болған. Қазір оған қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірнеше бөлім ашып, заманауи құралдармен жабдықталды.

Кітапханада 70 мыңнан астам кітап, 10 мың журнал, сонымен бірге Ислам Кәрімовтің қолжазбалары бар.

Ислам Кәрімовке сыйлық ретінде берілген кітаптардың арасында Ресейдің бірінші президенті Борис Ельциннің, Израиль экс-президенті Шимон Перестин және қырғыз халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қолтаңбасы бар кітаптар бар.

Кітапхананың ашылуына Ислам Кәрімовтің әйелі Татьяна Кәрімова қатысып, сөз сөйледі.

 

Abai.kz

0 пікір