Сенбі, 23 Қараша 2024
Сайлау 3019 23 пікір 2 Қыркүйек, 2022 сағат 14:46

Сайлау келе жатыр: Партиялар не дейді?

1 қыркүйек күнгі жолдауында, президент Қ.Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын жариялады. Сайлау қараша айында өтуі мүмкін дейді мамандар. Ал қанша қаржы кететіні белгісіз. 2019 жылғы президент сайлауына 9.4 млрд теңге кеткен. 

Сайлау десе партияның құлағы елең етуі керек. Саясаттың заңдылығы сол. Себебі сайлау ол билікке таласу жолы, ал партия билікке таласушы институт. Сонымен қай партиялар сайлауға түспек.

Президент Тоқаев сайлауға түсетінін мәлімдеді. "Аманат" партиясынан президент шығып кетсе де, сол партиядан кандидат болып тіркелу ықтималдығы жоғары. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев сайлауға түспейтінін айтты, алайда ол Тоқаевты "Аманат" партиясы қолдайды деген пікір білдірді.

Народная партия Казахстана поддержит Токаева на выборах

Партиялардың ішінде бірінші болып Қазақстан Халық партиясы мәлімдеме жасады.

"Қазақстан Халық партиясы мемлекет басшысының Қазақстан халқына бүгінгі жолдауында жариялаған саяси қайта құруларды толығымен қолдайды. Кезектен тыс президенттік сайлауда, біз бұрын айтқанымыздай, қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз", - делінген партияның мәлімдемесінде. Осы арқылы партия сайлауға қатыспайтынын білдірді.

«Ақ Жол» партиясының төрғағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың айтуынша, Мемлекет басшысына лайықты қарсыластар бар.

"Менің ойымша, болады. Себебі біз еркін елде тұрамыз. Дамудың демократиялық жолын таңдап алдық. Сайлау баламалы түрде өтеді. Сайлауда лайықты кандитаттар болады", - деді Перуашев.

Ол сонымен қатар "Ақ Жол" партиясының сайлауға түсуге дайын екенін жеткізді. "Ақ жол" партиясы сайлауға қашан да дайын.

"Біз сайлаушылардың алдында мінтетімізді толық орындап отырмыз. Бұл оңай емес. Себебі партияның мүшелері Парламентте аз. Бүгінде тек 12 депутатымыз бар. Осыған қарамастан біз жұмыс істеп жатырмыз… Президент сайлауына қатысу мәселесін тек партияның құрылтайы шешеді. Әрине, оны талқылауға міндеттіміз", - деді депутат Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң.

Ал өзге партиялар әзірге үнсіз.

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371