Бейсенбі, 10 Қазан 2024
2394 1 пікір 3 Қыркүйек, 2022 сағат 15:22

Қостанайда алапат өрт болып жатыр

Қостанайда кешеден бері алапат өрт болып жатыр. Қыркүйектің екісі күні түскі сағат 13.21 шамасында "Автомагнат" дүкені аумағында автокөлік дөңгелегінің қақпақтары өртеніп жатқаны анықталды. Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, өрттің күшеюіне ауа температурасының жоғары болуы және қатты жел әсер еткен.

Бүгін сағат түскі сағат 11.20 кезінде Назарбаев даңғылында орналасқан «Оружейная палата» дүкені отқа оранып, өрт «ЮГ» техникалық байқау станциясы мен жапсарлас орналасқан асхананы жайлаған.

Сондай-ақ, 8 жеке тұрғын үй мен жақын маңдағы екі автокөлікке зиян келген.

«Қару-жарақ дүкені иесінің айтуынша, жертөледе 2 адам бар, оқ-дәрілер жарылуы мүмкін, сондықтан жеке құрам дүкенге кіре алмайды. Оқшаулау және жою мүмкін емес. Өрттің шығу себебі анықталуда", - деп хабарлады ТЖД.

Кейін белгілі болғандай, Қостанайдың Әулиекөл, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарында ірі өрт шыққан. ТЖД Лисаковскі елді мекеніндегі саяжайлар мен Новонежинка ауылындағы орман өртеніп жатқанын растаған. Сондай-ақ Қостанайдағы өртті сөндіру үшін Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарынан көмекке өрт сөндірушілер жіберілетіні айтылды.

Abai.kz

1 пікір