Аманхан Әлімұлы. Ақын мен Молда
(Шағын драма)
 Ақын:
Кімсің сен?
 Молда:
 (Таңданған кейіппен)
Молдамын. Жайлап алды аза маңды.
Келдім мен шығаруға жаназаңды.
 Ақын:
Менің бе?
 Молда:
Ия, сенің. Табытты көрмедің бе?
 Ақын:
Тарлау екен.Сыймаспын көрге мүлде.
 Молда:
Бетін аулақ. Күпірлік ете көрме.
 Ақын:
Өмірімді өлеңмен өргенімде,
Шынымен,өлгенім бе?
 Молда:
Өлең сыйқыр.Келеді өзі елеске.
 Ақын:
Оқылатын өлеңдей Құраның да,
Алланың сөзі емес пе?
 Молда:
Ақын Алла деймісін,сонда маған...
 Ақын:
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»
Өлім құрдас,
Баста тұрмас.
 Молда:
Неге сонша ойнайсын өлімменен,
Табытты ала келдім өзімменен.
 Ақын:
Мен емес,жауым беріп тапсырысты,
Бүлдіріп жүрген шығар тақсыр істі...
 Молда:
Онда ол ілікті  Алла назарына,
Гүл емес тікен өсер мазарына.
 Ақын:
Жо...жо..жоқ, тиіспеңіз,
Жүгінсін енді о, шіркін, өз арына.
 Молда:
Сонда да, бәрін ұқ...
Балалық,жастық, кәрілік,
Осынау, өтер өмір үш өрімді,
Біледі Алла көресі, ішеріңді...
 Ақын:
 Дозақ та, ұжымақ та үйім менің,
 Білмеймін қайсысына түсерімді,
 Е, Жаратқан...                       
 Молда:
 Осыны білсең болды,
 Бір Алла көрсетеді қалған жолды...
(Шағын драма)
 Ақын:
Кімсің сен?
 Молда:
 (Таңданған кейіппен)
Молдамын. Жайлап алды аза маңды.
Келдім мен шығаруға жаназаңды.
 Ақын:
Менің бе?
 Молда:
Ия, сенің. Табытты көрмедің бе?
 Ақын:
Тарлау екен.Сыймаспын көрге мүлде.
 Молда:
Бетін аулақ. Күпірлік ете көрме.
 Ақын:
Өмірімді өлеңмен өргенімде,
Шынымен,өлгенім бе?
 Молда:
Өлең сыйқыр.Келеді өзі елеске.
 Ақын:
Оқылатын өлеңдей Құраның да,
Алланың сөзі емес пе?
 Молда:
Ақын Алла деймісін,сонда маған...
 Ақын:
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»
Өлім құрдас,
Баста тұрмас.
 Молда:
Неге сонша ойнайсын өлімменен,
Табытты ала келдім өзімменен.
 Ақын:
Мен емес,жауым беріп тапсырысты,
Бүлдіріп жүрген шығар тақсыр істі...
 Молда:
Онда ол ілікті  Алла назарына,
Гүл емес тікен өсер мазарына.
 Ақын:
Жо...жо..жоқ, тиіспеңіз,
Жүгінсін енді о, шіркін, өз арына.
 Молда:
Сонда да, бәрін ұқ...
Балалық,жастық, кәрілік,
Осынау, өтер өмір үш өрімді,
Біледі Алла көресі, ішеріңді...
 Ақын:
 Дозақ та, ұжымақ та үйім менің,
 Білмеймін қайсысына түсерімді,
 Е, Жаратқан...                       
 Молда:
 Осыны білсең болды,
 Бір Алла көрсетеді қалған жолды...
«Abai.kz»
 
                                                                                                 