Бейсенбі, 10 Қазан 2024
1914 2 пікір 8 Қыркүйек, 2022 сағат 14:22

Абай облысында өрт шықты

Үржар, Абай, Жарма аудандары да тілсіз жаумен күресуде. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Қатты жел мен аптап ыстықтан өрт тез жайылып, шаруа қожалықтары зардап шегуі мүмкін. Таулы жер болғандықтан өртке сөндіру қиынға түскен.

Полицейлер құтқарушыларға өртті сөндіру және өрт аймағынан адамдарды эвакуациялау кезінде көмек көрсетеді.

«Өрт ошақтары тіркелген аудандардың полиция бөлімдерінің барлық жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды және тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік қызметтердің экипаждары қойылды, полиция қызметкерлері құтқару операцияларына тартылды», - деді ведомство баспасөз қызметі.

6 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауылында өрттен зардап шеккен тұрғындарға арнап 91 үйдің құрылысына жер учаскесі бөлінді.

Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының елді мекендерінде өрт қаупі жойылғанын хабарлады.

 

Abai.kz

2 пікір