Жұма, 16 Қазан 2026
2392 0 пікір 9 Қыркүйек, 2022 сағат 13:44

ШЫҰ саммитіне кімдер қатысады?

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымының лидерлері 2019 жылдан бері алғаш рет бірге жиналады, бұл саммитте Өзбекстанның ұйымға төрағалығы аяқталады.

Мәліметке қарағанда, саммитке Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев, Ресей президенті Владимир Путин, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Иран президенті Ибрагим Раиси, Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан президенті Ильхом Әлиев, Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов және Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысады.

Ресми хабарламада ұйымға Өзбекстан төрағалық еткен жылдары ұйым аясындағы әріптестік маңызды бағыттарына көңіл бөлінгені айтылған.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы 14-18 қыркүйек аралығында Самарқанд қаласында өтеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1022
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1374