Биыл 11 мың этникалық қазақ қандас атанды
1 қыркүйектегі жағдай бойынша 11 165 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 99,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (69,6%) - Өзбекстаннан, 10,5% – ҚХР-дан, 7,1% – Түркіменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,3% - басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,2%), Түркістан (9,4%) және Жамбыл (6,8%) облыстарында, сондай-ақ Алматы (5,9%), Нұр-Сұлтан (7,5%) және Шымкент (7,6%) қалаларында қоныстанды.
Осы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны - 59,5%, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар - 27,1% және зейнеткерлер - 13,4%.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 12,3% - жоғары білімді, 38,9% - арнайы орта білімді, 47% - жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ.
Abai.kz