Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
1252 0 пікір 12 Қыркүйек, 2022 сағат 13:47

Алматыда 71 мектеп салынатын болды

2025 жылдың соңына дейін қалада 71 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның ішінде қалалық бюджет есебінен 23 мектеп және қосалқы нысандар, ал қалғандары жеке қаражат есебінен салынады.

"Оның ішінде құрылыс салушылармен жасалған меморандумдар аясында 16 мектеп және қосалқы нысандар салу жоспарда бар. Бұл туралы "Алматыны 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі негізгі басымдықтарда" айтылған", - делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен қатар 2025 жылдың соңына дейін Алатау, Бостандық, Наурызбай және Түрксіб аудандарында қосымша білім беруді дамыту бойынша 4 заманауи орталық құрылады.

Abai.kz

0 пікір