Кірістер мен мүлік туралы декларацияны 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсыру қажет
2021 жылы жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған адамдар, Салық Кодексінің 630-бабының 2-тармағына сәйкес 2022 жылдан бастап жыл сайын кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (СК 633-бабы) ұсынуға міндетті. Бұл сондай-ақ мемлекеттік қызметтен босатылған адамдарға және азаматтар санатынан шыққан, декларация тапсыруға міндетті адамдарға (сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары мен басқа да санаттағы адамдардың зейнетке шығуына) қатысты.
Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Заңына сәйкес активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс еткен (250 СЕН) және мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылған адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) жыл сайын міндетті егер олар жұмысқа түспесе немесе сайланбалы лауазымға сайланбаса да, кірістері мен мүлкі туралы декларацияны 270.00 СЕН (СК 633-бабы) табыс етуге құқылы.
Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде электрондық түрде ұсыну қажет.
Осы жылы декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме мынадай санаттарда бар:
- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
- өздеріне жүктелген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету жөніндегі міндет.
Бұдан басқа, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 272-бабы негізінде мемлекеттік кірістер органына салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда 1414 байланыс орталығы арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз
Т.Тургаев,
Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Басшы орынбасары
Abai.kz