Сенбі, 19 Сәуір 2025
Жаңалықтар 1619 2 пікір 12 Қыркүйек, 2022 сағат 15:26

Димаштың клиптері Мексика метросында көрсетіліп жатыр

Мексика метросында Димаш Құдайбергеннің бейнеклиптері көрсетіле бастады. Бұл туралы журналист Өркен Кенжебек өзінің фейсбук парақшасында хабарлады.

"Димаш Мексикада да Димаш! Мұнда келерден үш күн бұрын Димашқа қатысты жаңалықты көзім шалып қалған. Мексика астанасы Мехико метросындағы телебезерлерден Димаштың Fly Away деген клипін көрсетіп бастапты деп. Мехико метросының 70 стансасындағы 576 экраннан бір апта бойы сағат сайын көрсетуін Димаштың осындағы фанаттары талап етіпті. Фан-клубы қандай табанды деймін да, жергілікті телеарнаны қыстаған. Оларға керек лайкын жинап берген.

Енді осы жаңалықты іс жүзінде тексеру үшін Мексикада уақытым тығыз болса да метросына түсіп, бір сағат күттім. Рас екен. Міне, дәлел! Бізді алып жүрген гид, украинка Софья Вовк те жанын шүберекке түйіп тұрған еді, енді жақсылап шай ішсек болады. Ал Мексиканың метросымен кім жүрмейді дейсің, себебі, қалада 22-28 млн арасында адам тұрады. Әлі толық есептеп біте алмай жатыр. Сосын метро өте арзан көлік түрі мұнда. 5 песо бір жаққа. 120 теңге біздіңше. Сондықтан, сол миллиондардың мыңы болсын, біздің түрге, үнге үйрене берсін, ә? Қазақтың абыройы арта берсін!", - деп жазды Өркен Кенжебек.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2036
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4897
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4094