Сенбі, 23 Қараша 2024
2104 1 пікір 13 Қыркүйек, 2022 сағат 13:48

Қасым-Жомарт Тоқаев президент мерзімі бойынша бастаманы тексеруді өтінді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық кеңестен президент мерзімі бойынша бастаманы тексеруді өтінді.

«Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының ұсыныстарына байланысты әзірленген «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде. Конституциялық Кеңестің шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады», - деп хабарлады конституциялық кеңес.

Конституцияның 91 бабы 2 тармағына сәйкес, «Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тəуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, Республика қызметінің түбегейлі принциптері өзгермейді».

Еске сала кетейік,  Қазақстанда 2022 жылдың күзінде мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді деп күтілуде.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543