Жұма, 18 Сәуір 2025
2094 2 пікір 14 Қыркүйек, 2022 сағат 14:10

Қазақстан мен Қытай Сүмбе өзенін бірлесіп пайдаланбақ

Қазақстан Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында Сүмбе трансшекаралық өзені туралы келісімге қол қойылды. Бұл ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өткізілді, деп хабарлайды Экология министрлігі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан келісімге ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова, Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюэбинь қол қойды.

«Су қатынастары біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оған жоғары деңгейдегі барлық екіжақты кездесулерде су мәселелерін үнемі талқылау дәлел болады», - деді вице-министр өзінің кіріспе сөзінде.

Айта кету керек, аталған құжатқа қол қою Сүмбе өзенінің су ресурстарын ұтымды пайдалануға және Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл шаруашылығы мұқтаждықтарына су жинауды жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан тарапына арнаған сөзінде Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюэбинь келісімге қол қою трансшекаралық өзендердің ресурстарын ұтымды және әділ пайдалану контексінде екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға қуатты серпін беретінін атап өтті.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1984
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4835
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4012