Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
1559 0 пікір 16 Қыркүйек, 2022 сағат 14:13

Қырғыз-тәжік шекарасы тынышталар емес

Бүгін қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болды. Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі тәжік тарапының Екі-Таш, Чир-Добо, Кум, Мазар мен Орто-Боз аумақтарына шабуыл жасағанын мәлімдеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде төрт әскери қызметкер жараланған.

«Жағдайды тұрақтандырып, қақтығыстың өршуіне жол бермеу үшін бар күшімізді салып жатырмыз»,—деді ведомство.

Ал Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті тараптардың таңғы сағат 6.30-да атысты тоқтату туралы келісімге келгенін алға тартып отыр.

«Қырғыз әскерилері оны орындамай, барлық қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалана отырып, тәжік жағына оқ атуды жалғастырып жатыр»,—делінген хабарламада.

 

Abai.kz

0 пікір