Президенттікке үміткерлерді ұсыну басталды
Бүгін мемлекет басшысының лауазымына үміткерлерді ұсыну басталды. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, республикалық бірлестіктер өз кандидатын 11 қазан кешкі сағат 18:00-ге дейін ұсына алады.
Конституцияға сәйкес, үміткерлерге мынадай талаптар қойылады: азаматтығы, соңғы 15 жылдан бері Қазақстан аумағында тұруы, жоғары білімінің болуы, 40 жасқа толуы, белсенді сайлау құқығының болуы, мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымдарда кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.
Бұдан бөлек кандидат ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінде (3 млн теңге) сайлау жарнасын енгізеді. Жалақының ең төмен мөлшері 60 мың теңгені құрайды. Әрбір кандидатты қолдауға 118 мың 273 сайлаушының қолы жиналуы тиіс.
Айта кетейік, Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.
Abai.kz