Жұма, 22 Қараша 2024
2724 0 пікір 27 Қыркүйек, 2022 сағат 16:56

Жапония наразы: Ресей елшісі шақырылды

Жапония сыртқы істер министрлігі Ресей елшісі Михаил Галузинді шақыртты. Жапон үкіметі оған Владивостоктағы консулдың ұсталуына наразы екенін айтты. Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі жексенбі күні жапон дипломаты Мотоки Тацунориді тыңшы деп айыптаған.

Жапония сыртқы істер министрлігі басшысының мәлімдемесінде Ресейден консулдың ұсталуына байланысты ресми кешірім сұрау талап етілгені айтылған. Жапон министрінің пікірінше, дипломат заңға қайшы ешқандай әрекет жасамаған. Бұл туралы "Киодо Цусин" агенттігі хабарлады.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі дүйсенбі күні Тацуноридің ұсталу себебін түсіндірді. Федералдық қызмет мәліметінше, дипломат Ресейдің Азия-Тынық мұхит елдерімен әріптестігі, санкциялардың Ресей экономикасына әсері туралы құпия ақпаратты ақшаға сатып алған. ФҚҚ баспасөз қызметі консулдың бір кафеде құжатты алып жатқаны, ұсталған соң камераға заңсыз әрекетін мойындағаны туралы видео таратты.

Ресей Тацунориді персона нон грата деп жариялады. Дипломат елден кетуі тиіс. Қарымта қайтару үшін Жапония Ресейдің бір консулын елден шығаруы мүмкін.

Мәскеу мен Токио арасының қарым-қатынасының салқын тартқанына бірнеше жыл болды. Ресей Украинаға басып кірген уақытта Жапония Батыс елдерімен бірге Ресейге қарсы санкция жариялады. Мәскеу Жапонияны дос емес елдер тізіміне қосып, бейбіт келісім туралы келіссөздерді үзді, жапон азаматтарына Курил аралдарына жеңілдікпен келуге тыйым салды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321