Жұма, 22 Қараша 2024
1929 0 пікір 28 Қыркүйек, 2022 сағат 15:13

Қазақстан цифрланған елдер ішінде үздік отыздықта

Бүгінде Қазақстан көптеген дамыған елден озып, БҰҰ-ның цифрланған мемлекеттер рейтингінде үздік отыз елдің қатарына кіреді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge халықаралық форумының пленарлық отырысында айтты.

Бүгін Астанада "Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде" атты тақырыптағы Digital Bridge 2022 халықаралық технологиялық форумы өтіп жатыр.

"Адамдық, зияткерлік және ғылыми әлеуеті зор Қазақстан инновацияларды, цифрлық өндірісті және шығармашылықты дамытудың бірегей кеңістігі болып табылады. Бүгінгі таңда тек жекелеген компаниялардың ғана емес, бәсекеге қабілеттілігін анықтаушы фактор болып табылатын цифрлық трансформация екені ешкімге құпия емес.

Сарапшылардың болжамы бойынша, он жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70 пайызы цифрлық платформалық модельдерге негізделеді. Осындай жағдайда Қазақстан өз алдына еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу стратегиялық міндетін қойды. Бұл үшін берік негіз бар”,-деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы өз сөзінде форумның бүгінгі күн тәртібінде елді дамытудың ауқымды перспективалары айқын көрініс тапқанын атап өтті.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320