Жұма, 22 Қараша 2024
2188 0 пікір 29 Қыркүйек, 2022 сағат 10:13

Армян-әзірбайжан арасы тағы да шиеленісті

Армения мен Әзірбайжан бір-біріне тағы да оқ жаудырды. Бұл туралы сәрсенбіде екі елдің қорғаныс министрліктері хабарлаған. Қақтығыс салдарынан жарақат алғандар мен қаза тапқандар бар.

Баку Ереванды «атысты тоқтату туралы келісімді бұзды», деп айыптады.

"28 қыркүйекте сағат 18:00 шамасында Армения Қарулы Күштерінің бөлімшелері Кяльбаджар ауданының Алагелляр бағытында Әзірбайжан әскери бөлімшелеріне әртүрлі калибрлі атыс қаруларымен оқ жаудырды", - деп атап өтті Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі. Нәтижесінде Әзірбайжан тарапынан бір сарбаз жарақат алған.

Ал, Армения тарапының хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 18: 00-ден бастап Әзірбайжан Қарулы Күштерінің бөлімшелері минометтер мен ірі калибрлі қарулардан армян-әзірбайжан шекарасының шығыс бағытында орналасқан жауынгерлік позицияларға оқ жаудырдырған. Кейінірек Армения Қорғаныс министрлігі армян-әзірбайжан шекарасындағы жағдай салыстырмалы түрде тұрақтанғанын айтты.

"Әзірбайжанның арандатуы нәтижесінде Арменияның үш сарбазы құрбан болды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы айларда Әзірбайжан мен Армения арасында екі ірі қақтығыс болды. Нәтижесінде, Ереван Бакудегі стратегиялық маңызды Лашын дәлізін бақылауға алды және шекара маңындағы атыстар АҚШ-тың аймақтағы рөлін күшейтті.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320