Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 2897 10 пікір 6 Қазан, 2022 сағат 12:48

Қызылдар: Тоқаев біздің үміткеріміз!

Бүгін Астанада бұрынғы коммунистік парития, қазіргі Қазақстан халық партиясы сиез өткізді. XXI кезектен тыс сиезде президенттікке үміткер ұсыну мәселесі қаралды.

Аталған партияның басшысы Ермұхамет Ертісбаев осыған дейін:

«Қазақстан халық партиясы мемлекет басшысының бүгінгі жолдауында жарияланған саяси өзгерістерге толық қолдау білдіреді. Кезектен тыс президент сайлауында, біз бұрын мәлімдегендей, қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз», - деп мәлімдеген еді.

Бүгінгі сиезге қатысқан делегаттар да бірауыздан президент Тоқаевтың кандидатурасын мақұлдапты.

«Қазіргідей жалпы әлемдік аумалы-төкпелі кезеңде Қазақстан Орталық Азияда тұрақтылықты сақтап қалған ел болды. Біздің міндетіміз осы тұрақтылықты ұстап қалу. Қазір өзара тартысып, есеп айырысып отыратын уақыт емес. Бізге салқынқандылық пен бірлік керек. Сондықтан да біздің партиямыз жұрттан бұрын сайлауда президент Тоқаевты қолдауды ұсынды. Біз бұл ұсынысты елді ойлағаннан айттық», - деп сөйлеген.

Ертісбаевтың сөзін орынбасары Айқын Қоңыров та қолдап сөйлеген.

«Біздің саяси партиямыздың бағдарламасы қазіргі президенттің саясатымен сәйкеседі. Сондықтан да біз алдағы сайлауда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз. Біз алдағы уақытта да Жаңа Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қоса береміз. Тоқаев – біздің президентіміз!», - депті.

Сиез соңында делегаттар бірауыздан үміткерлікке Тоқаевты ұсынған.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377