Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4263 0 пікір 23 Қаңтар, 2013 сағат 10:09

Әбдірашит Бәкірұлы. Билік пен халық – мысық пен тышқан ойыны

(әпсаналық этюд)

Ел аузында «мысық-тышқан ойыны» деген сөз бар. Кішкентайдан құлаққа сіңген таныс тіркес, сондықтан оны көп сөз етудің қажеті шамалы болар. Дегенмен, сөз құбылып отырады. Мысалы, жоғарыдағы сөз айтылған заманнан бері мысық та, тышқан да танымастай өзгерді. Қалай болғанымен - екеуіне бұл ойын жарасады: мысық үшін тышқан өз аяғымен жүрген шұжық, әрі-бері қақпақылдатып, құмары қанғанша ойнап, бабына келтіріп жеген жақсы. Тышқанға бұл - намысқа серт. Өмірінде ең болмағанда бір рет бас көтеріп, мысық секілді тажалмен ойнап көрмеген тышқан - тышқан емес! Жарасып-ақ тұр!

Ел арасында «ит пен мысықтай» деген де сөз бар. Бұл ойын да қисынға келеді: мысалы, иттің мысықта қайтпас кегі бар! Сонау ықылым заманда Адам ата мен Хауа ананың қасынан орын алмаққа көп хайуан келген дейді... Ит адалдығынан таймай «олардың дүние-мүлкін күзетсем  жағармын» деп алашақпын болып жүргенде, мысық үндемей ғана сүйкеніп, мұның төрдегі орнын алып алған екен. Содан бері ит бейшара қасқырмен жағаласып, ыстық пен суыққа қақталып күнін көруде. Ал мысық болса үй төріндегі құс төсекте, күзетші иттің арқасында келген қаймақты жалап, пырылдап ұйықтауынан жазбайды... Сондықтан мысықты көрген заматта ит әділеттілікті қалпына келтіру үшін оны тарпа бас салғысы келетіні рас. Алайда мысық оңай шағылатын жаңғақ емес, ағаш басына өрмелеп кетіп жан сақтайды. Қарап отырса бір сәрі - арпылдаған итке миығынан күле қарайтынын қайтерсің! Бірі - ызадан жарылардай болса, екіншісі - үсті-басын сылап-сипап, келеке-мазақ етпек...

Бұл ойындар адамдарға да тән. Бірақ, ең өкініштісі, мұнда жарасымдылық жоқ. Мысалы, билік пен халықтың арасында осындай «ойын» болуы мүмкін. Бірақ биліктің ойыны ойын да,  халықтың «ойыны» - өмір үшін жанталас. Мұнда кімнің ит, кімнің мысық, кімнің тышқан екенін ажырату қиын...  Өйткені, ит те, мысық та құдайдың құтты күні тышқанға «бәленше жылдардан кейін бақытты өмір кешесің, үлде мен бүлдеге ораймыз» деп жатса да - намысшыл тышқан тістеніп алған, үндемейді...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377