Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
2225 2 пікір 14 Қазан, 2022 сағат 12:30

НАТО Украинаға әскери көмек беруді жалғастырады

НАТО Украинаға көмек беруді жалғастырады. Бұл туралы 12-13 қазанда Брюсселде өткен екі күндік жиында айтылды. Жиынға НАТО-ға кіретін 30 елдің Қорғаныс министрлері қатысқан.

Ұйымның Бас хатшысы Йенс Столтенберг твиттер желісінде «Соғыстың маңызды сәтінде НАТО одақтастары қолдауды күшейтіп жатыр, соның ішінде әуе шабуылына қарсы қорғанысты арттырады. Бұл соғыста Украина жеңуі керек»,-деп жазды.

НАТО Украинаға ұшқышсыз ұшақтар, Америкада жасалған әуе соққысына тойтарыс беретін төрт снаряд жібермек. Жақыннан жәрдемдесу үшін Балтық теңізі мен Солтүстік теңіздегі әскер санын еселеп арттырмақ.

 

Abai.kz

2 пікір