Қазақстанда жылына әр адам 50 бөтелке арақ ішеді
Мәжіліс депутаты Ерген Дошаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметовке депутаттық сауал жолдады.
«Сізге осы депутаттық сауалды жолдауыма елімізде алкоголь тұтынудың күрт өсіп бара жатқаны себеп болды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл жер шарында спирт ішімдіктерін тұтыну деңгейін айқындау үшін 188 елде арнайы мониторинг жүргізеді.
2011 жылғы рейтингте Қазақстан 34 орында тұр. Бұл - еліміздің әрбір азаматы жылына 11 литрге жуық таза этил спиртін немесе жарты литрлік арақтың 50 бөтелкесін тұтынады деген сөз.
Соның нәтижесінде Қазақстан бүгінгі күні Орталық Азияда нағыз ішімдікке құмар ел болып табылады. Мысал үшін айтатын болсақ, жоғарыда аталған рейтингте Қырғызстан - 106-шы, Түркіменстан - 114-ші, Өзбекстан - 131-ші, ал Тәжікстан 134-ші орында тұр. Тіпті, көршілес Қытайдың өзі бір жарым миллиард халқы барына қарамастан, 95-ші орында тұр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықтың жан басына шаққанда алкоголь тұтынуының шекті деңгейін де есептеген. Ол жылына 8 литрден аспауға тиіс. Одан артық тұтыну ұлттың азып-тозуына, тіпті құрып кетуіне әкеп соғады.
Осы әлеуметтік кесірлі құбылыстың ауыр салдарын біздің еліміздің мысалынан көруге болады.

Соңғы бес жылда адамдар алкогольдік мас күйде жасаған қылмыс саны екі еседен астам өсіп, 13 мыңнан астам фактіні құрады. Осы уақыт ішінде мас қылмыскердің қолынан 3172 қазақстандық қаза тапқан.
Мас күйдегі жүргізушілер де жүгенсіздік танытуда, соңғы бес жылда осындай 330 мың жүргізуші ұсталған. Олар 1814 жол-көлік оқиғасын жасап, соның салдарынан 494 адам қаза тапқан, 2,5 мың адам әртүрлі жарақат алған.
Маскүнемдік көптеген өрттің шығуына да себеп болды. Соңғы бес жылда 1275 азамат мас күйде осындай өрт салдарынан қаза тапқан.
Алкоголь тұтынудың күрт өсуі, әрине, елдегі демографиялық жағдайға және жалпы экономиканың дамуы мен әлеуметтік өмірге де өз кесірін тигізеді. Алкоголизмнің себебінен жаппай жұмыс орнын тастап кету, өндірістің тоқтап қалуы және басқа да келеңсіз факторлар салдарынан келтірілген орасан зор залалды есептеп шығу мүмкін емес.
Тұрмыстағы маскүнемдік салдарынан ажырасып кеткен ондаған мың отбасыға келтірілген залалды да есептеу қиын. Тастанды жетім балалардың трагедиясын және маскүнем-діктен ауру болып туылған сәбилердің тартып отырған зардабын қалайша есептеп, қайтіп бағалауға болады?!
Егер статистикаға жүгінетін болсақ, сарапшылардың бағалауы бойынша, жыл сайын дүние жүзінде алкоголь ішімдігін шамадан тыс тұтыну салдарынан 2,5 миллион адам көз жұмады. Әлемдегі маскүнемдердің 11 пайызы апта сайын ұзақ мерзімдік ішкілікке салынады. Бұл ретте олардың 30 пайыздан астамын әйелдер құрайды.
Бұл бойынша біздің елімізде де жағдай мәз емес. Соңғы бес жылда спиртті ішімдікті тұтынудан немесе соның кесірінен 12 мыңға жуық қазақстандық қайтыс болған. 210 мыңға жуық адам наркологиялық диспансерде есепте тұр.
Әрине, әлем жұртшылығы осы қатерлі ауруға қарсы күрес жүргізіп отыр. Бүгінгі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары бойынша 80 елде алкоголизм мен маскүнемдіктің алдын алу бойынша арнайы мемлекеттік саясат жүргізіледі. Саламатты өмір салты насихатталады. Кейбір елдерде алкоголь ішімдіктерін тұтынуға тікелей тыйым салынған.
Елімізде алкоголизмге қарсы күресте ештеңе істелмей отыр деп айтуға болмас. 2010 жылғы қарашада Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған Қазақстанда денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Бұл құжат - жалпы алғанда, өте маңызды құжат. Бірақ ол елде алкоголизмді азайту бойынша нақты күрес жөнінен бірқатар сұрақ туындатады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары осы әлеуметтік кесірмен күрестің ең тиімді әрі кең таралған құралы экономикалық шаралар екенін айтады. Яғни, ең алдымен, спирттік ішімдіктерге акциздерді арттыру арқылы алкогольді қымбаттатып, халықтың, әсіресе жастардың оған қолы жетпейтіндей жағдай жасау қажет.
Алайда, өкінішке орай, Бағдарламада алкоголь өнімдеріне акциз ставкалары қай жылы және қандай мөлшерде артатыны туралы нысаналы индикаторлар көрсетілмеген.
Бұл біз үшін аса маңызды. Бүгінгі күні Қазақстандағы арақ - Кеден одағы елдері арасында ең арзан арақ болып табылады. Оның себебі де қарапайым - акциз ставкалары төмен. Егер елімізде 2012 жылы бір литр этил спиртін дайындау кезінде акциз түрінде 60 теңге өндіріп алынатын болса, Ресейде бұл мөлшер - 163 теңгеге жуық, ал Белоруссияда 380 - 432 теңге аралығында. Елімізде жарты литрлік араққа акциз 100 теңгені құрайды. Ал Ресей мен Белоруссияда бұл көрсеткіш одан 2,5 есе жоғары. Сыра өнімдері бойынша да осындай жағдай байқалады.
Құжатта елдегі алкогольді шамадан тыс тұтынуды азайтуға бағытталған басқа тетіктер де нақты көрсетілмеген. Бүгінгі күні айрықша либералдық сипат алып отырған антиалкогольдік заңнаманы күшейту жөнінде де ештеңе айтылмаған.
Сондықтан да қазіргі бар нормаларға сәйкес сағат 23.00-ден сағат 8.00-ге дейін алкоголь сатуға тыйым салынғанына қарамастан, елімізде спирт ішімдіктері тәулік бойы оңды-солды сатылу үстінде. Сауда орындары спирт ішімдіктерін кәмелетке толмағандарға сатудан да тартынар емес. Мұның өзі антиалкогольдік заңнаманы осылай бұзғаны үшін айыппұл мөлшері көршілес елдермен салыстырғанда өте аз екеніне байланысты.
2012 жылдың соңында Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа тарихи Жолдауын арнады, онда еліміздің 2050 жылға дейін дамуының нақты ойластырылған стратегиясы белгіленген.
Мемлекет басшысы Қазақстанның ұзақ мерзімді басты құжатында ұлттың денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың кепілі»,- деп айрықша атап өтті. Дені сау, білімді және бәсекеге қабілетті ұлт қана Жолдаудан туындайтын ауқымды міндеттерді шешуге қабілетті.
Сондықтан біз Үкімет қалыптасқан жағдайды нақты бағалап, еліміздегі алкоголь проблемалары ауыздықтау бойынша тиісті шаралар қабылдайды деп сенеміз»,- деген хат соңына Палатаның 20-дан астам депутаты қол қойған.
Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты
ABAI.KZ