20-ға жуық адамға рақымшылық жасалмайды
Биыл қаңтар айында тәртіпсіздік ұйымдастырушы ретінде күдікке ілінген 20-ға жуық адамға рақымшылық жасалмайды. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің хабарлауынша, Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталған кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің осы санатқа жатады.
«Бізде жалпы 20 шақты адамның әрекеті (қаңтар оқиғасы кезінде) жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы ретінде қылмыстары сараланған. Оларға рақымшылық жасалмайды, тек қатысушылар рақымшылыққа ілігеді.
Қаңтар оқиғасында қылмыс жасағандардың басым бөлігі қатысушылар болып саналады. Олардың саны шамамен 700 адам. Олардың бәріне рақымшылық жасалады, ал жаппайы тәртіпсіздік ұйымдастырған 20 адам рақымшылыққа ілінбейді», - деді Әсет Шындалиев.
Осы орайда ол Қайрат Құдайбергенге ұйымдастырушы айыбы тағылғанын нақтылады.
Abai.kz