Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
2960 0 пікір 27 Қазан, 2022 сағат 14:26

ЕО санкциялары үшінші елдерге бағытталмаған

Еуропалық Одақтың санкциялары үшінші елдерге бағытталмаған. Бұл туралы Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишель айтты.

"Еуропалық Одақ санкциялар салу шараларын қарастырғанда  Қазақстан экономикасына байқаусызда кесірін тигізбеуге баса назар аударған. Президент Ш. Мишель ЕО санкциялары үшінші елдерге қарсы бағытталмаған және халықаралық санкциялардан жалтаруға және оларды айналып өтуге жол бермеудің маңыздылығын атап өтті.Тараптар сондай – ақ санкция тізіміне кірмейтін тауарларды өндіретін еуропалық компанияларды Қазақстанға көшіруді талқылады",-делінген Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шарль Мишельдің баспасөзге арналған бірлескен мәлімдемесінде.

Президенттер өндіріс пен тауар жеткізудің жаһандық тізбегін қамтамасыз ету үшін Еуропа мен Орталық Азия арасындағы қолданыстағы халықаралық көлік дәліздерін кеңейту мен дамытудың маңыздылығын атап өтті. Олар сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік маршрутының әлеуетін, оны одан әрі дамыту нұсқаларын және аймақтағы басқа да көлік маршруттарының рөлін талқылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1360
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2945
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1014
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 953