Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3200 0 пікір 6 Ақпан, 2013 сағат 05:01

Жәди Шәкенұлы. «Қазақ» газетінің бір бұтағы

  • «Қазақ» газеті - 100 жыл

Қазақ газетінің 100 жылдығы аталып жатқанда оның өркен жайған бір бұтағының алыстағы ағайын арасында екенінде еске алу керек.

1880-1890 жылдар ішінде Жүсіпбек Шайхысыламұлы, Ақыт Үлімжіұлы бастаған алғашқы бір топ ақындар қазан баспасынан кітаптар шығара бастаған еді. Сөйтіп, "1900 жылдан 1917 жылға дейін Қазанда, Омбыда, Орынборда, Петербургта, Ташкентте, Торицскиде, Семейде, Оралда және басқа қалаларда қазақ тіліндегі жүзге тарта түрлі кітаптар шықты.

Қытай аумағында Шынжаң жерінде Шың Сысай билік басына келгеннен кейін, оның алға қойған «алты саясаты» бойынша, Кеңестер Одағымен достасып мәдениет және оқу- ағарту істері жағында белгілі даму пайда болды. Әсіресе, қазақстандық қазақтардың мәдениет, өнер, баспа ісінің өнегесі өте көп болды. Өлке орталығы Үрімжі қаласында және де Іле, Алтай, Тарбағатай аймақтарында құрылған "Қазақ-қырғыз мәдени, ағарту ұйымының " ықпалымен қазақ баспасөзі мен оқу-ағартуы жаңа қадамдар жасады. Сөйтіп, қазақстандық қазақ газеттерінің ықпалын қабылдай отырып газет шығару ісі де қолға алынды.

1934 жылы маусымды Іледе құрылған қазақ-қырғыз мәдени-ағарту ұйымының бастығы Махсұт Сасанов бастамашылығында 1935 жылы қазақ тілінде «Төңкеріс таңы» атты газет шықты. Бұл газетті осы қазақ-қырғыз ұйымының ойын-сауық, мәдениет істеріне жауапты ақын Таңжарық Жолдыұлы басқарды. Осы газетті қазыргі «Іле газетінің» алғашқы негізі, Іледегі қазақ баспасөзінің төркіні деуге болады.

Алтай өңірінде кезінде Алтай өңірінің уәлиі және әскери қозғалыс генералы болып тұрған ағартушы Шәріпхан Жеңісханұлы Көгедаев баспасөз жұмысын дамытуға ерекше күш салған кісі. 1934 жылы ол Кеңес Одағынан баспа машинасын алдырып, 1935-жылы қазіргі «Алтай газетінің» тұңғыш саны «Шынжаң Алтай газетін» шығарады. Бұл газет сол жылдың соңында «Жаңа Алтай газеті» деген атпен шығып тұрды.

Тарбағатай өңірінде баспасөз жұмысы Іле мен Алтай өңіріне қарағанда ертерек басталған. Бірақ ол алғашында нағыз қазақ тіліндегі басылым болмайды. өйткені, қазақ, ұйғыр, татар, тағы басқа ұлттар аралас қоныстанған Тарбағатайға совет одағынан (1925 жылы) әкелінген тас баспа аспаптары Қазан баспасыныкі еді, әрі ұйғыр, татар тіліне жақын әріп болатын. Осы тілмен шыққан «Біздің үн» атты газетте Нұртаза Шалғынбаев сияқты қазақ зиялыларының мақалалары да басылып тұрған. 1934-жылдан бастап бұл газетте Тарбағатайдың ортақ тілінде қазақ оқымыстыларының мақаларлары басыла бастады.

Үрімжіде "Шынжаң газетінің" қазақ тіліндегісі 1935-жылдан шыға бастады да, қазақ баспасөзі дамуына негіз болды.

Құлжада, Үрімжіде газет-журналдар шығудың сыртында кітап та шығатын болды. 1948-жылы Құлжада Таңжарық Жолдыұлының "Алғашқы жинағы", Үрімжіде Ниғымет Мыңжанұлының "Тұрмыс тілшісі " атты повесі жарияланды.

Сол жылы Үрімжідегі Шынжаң газеті баспа зауытында "Абайдың таңдамалы шығармалары" басылып шықты. Осымен қатар Алтайда Әсет Найманбайұлының "Сәлиқа - Сәмен" дастаны, Тарбағатайда Нұртаза Шалғынбаевтың " Көрген, - білгендерім" очеркі, Дубек Шалғынбаевтың "Кедей оқушының тағдыры" әңгімелері кітап болып шыға бастады.

Қытайда жүргізілген саяси күрестерге байланысты баспасөз қызметі бір мезет тоқырауға ұшырап, 1980-жылдардан кейін ғана қайта жандана бастады.

Арнайы баспа орындарынан "Ұлттар баспасы" , "Шынжаң халық баспасы", "Шынжаң жастар-өрендер баспасы", "Денсаулық, ғылым-техника баспасы", "Шынжаң оқу-ағарту баспасы", "Іле халық баспасы" сияқтылар бар. Бұл баспалар үкіметтік тапсырыстар және жеке қаржы табу жолдарымен әртүрлі кітаптар шығарып отырады.

Қазақ тілінде шығатын газеттерден «Шынжаң газеті», «Іле газеті», «Алтай газеті», «Тарбағатай газеті», «Шынжаң ғылым - техника газеті» , «Іле ғылым - техника информация газеті» бар.

1924 жылы Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуы үлгісіндегі төте жазуды қолдануға келтіргеннен кейін Шынжаң қазақтары жаппай осы жазуды қолданды. 1965 жылдан бастап қытай жазуының дыбыстық бейнеленуі негізіндегі латын әліпбиі жасалып, ол 1982 жылға дейін пайдаланылды. Одан кейін А.Байтұрсынұлы жазуы негізіндегі төте жазу қайтадан қолданысқа енді. Қазірде осы жазу қолданылады.

Жақынғы жылдардан бері «қос тілді оқыту» дейтін жаңа бағдарламаға сәйкес қазақ мектептерінде сабақтар қытайша өтіле бастады. Тек қана қазақ тілі мен әдебиет пәні қазақша өтеді, бұл қытайдың өздері жасаған автономия саясатына сәйкес келмесе де, кешегі Кеңестер Одағы жүргізген «орыстандырудың» қытайлық бейнеленуі болып табылады. Осы үрдіс тереңдей беретін болса қазақ газеттері қаншама данамен шыққанмен оның оқырманының күн санап азайып бара жатқаны айтпаса да түсінікті. Деседе кейде олар бүгінгі қазақ еліндегі басылымдарға шама-шарқынша қол созып жатады. Әттең, арада дәнекер аз. Әсіресе, ондағы қазақтың қаазқстандық басылымдарды жазғызып алып оқуының еш мүмкіндігі қарастырылмай отыр. Алдағы уақытта ұлт жанашырларының бұл мәселені қолға алуына қоңырау шала отырып, қазақ газеттерінің бір бұтағы - Шынжаңда жатқанын еске салғымыз келеді.

Жәди ШӘКЕНҰЛЫ, жазушы

Қазақстан Жазушылар Одағының,

Еуразия жазушылар одағының мүшесі

ABAI.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371