Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3436 0 пікір 6 Ақпан, 2013 сағат 05:13

Ұлдай Қабошқызы. «Дарабоздың» мұнысы несі?!

1-cурет: "Орал өңірі" газеті

2-сурет: "Орал өңірі" газеті мен "Дарабоз" журналы

3-сурет: "Дарабоз" журналындағы төмендегі мақалаға негіз болған материал

Өткен жылдың 16-23 қыркүйек күндері арасында Орал қаласында қазақ режиссурасының көш басында тұрған тұлғалардың бірі, КСРО және КСР Мемлекеттік сыйлықтарының иегері - Әзірбайжан Мәмбетовтың 80 жылдығына арналған ХХ республикалық театрлар фестивалі болды. Фестивалдың өту барысы туралы Батыс Қазақстан облысында шығатын «Орал өңірі» облыстық қоғамдық-саяси газетінің №110-111 (18.09.12ж), №112 (20,09.12 ж), №113 (22.09.12ж) , №114 (25.09.12 ж) сандарында мақалаларым жарияланған болатын. Артынша «Дарабоз» журналына жіберіңіз» деген соң газеттің бес нөміріне шыққан мақалаларымды біріктіріп, 12 фотомен ( Түсіргендер: оралдық фотограф Арман Мәмбетов және осы жолдардың иесі - Ұ.Қ.) бірге жібердім. Журналистің өмірі белгілі, бір мақаладан құтылсаң, екіншісін жазу керек дегендей, қағаздың астында отырасың. Сөйтіп жүріп жорналға жібергенім есімнен шығып кетіпті.

Мына қызықты қараңыз, сол «Дарабоз» жорналы ойламаған жерден қолыма түсіп, парақтап қарасам, журналдың 2012 жылдың қазан айындағы 8-шы санында «Ақжайықтың тумасы немесе қазақ театрының ақтаңгері Әз-ағаның рухына тағзым» деген тақырыппен менің жіберген мақалам қысқартылғанымен бір сөзі де өзгермей тап сол күйінде жарық көріпті. Бірақ, аяғына көз салсам, о, тоба, авторы басқа адам. Мақаланың соңына өздерінен «Түйін сөз» қосып, менің аты-жөнімнің орнында Әділет Сарыбай деп жазып қойыпты. Сөйтсем, ол адам осы жорналдың бөлім редакторы екен.

Жалма-жан журналдың редакторы Өтеген Махмұт мырзаға телефон шалып, мән-жайды айттым. Ол кісі мақаланың менікі екенін білмейтін болып шықты. Сонда фестиваль тұсында Оралға іссапармен келмеген бөлім редакторынан «Мына мақаланы, суреттерді қайдан алдың, өзің барған жоқсың, қалай жаздың?» деп сұрамағаны ма?

Мен ол кісіге, заң бұзып отырғанын, бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Қазақстан Журналистер Одағына хабарлайтынымды, заң бойынша жауапқа тартылатындарын айттым. Қазақ елінің біртуар ұл-қыздарының маңдайларын жарқыратып шығарып келе жатқан журнал сонда «Дарабоз» деген атына лайық болмағаны ма? Әлде «Орталықтан шалғай жатқан облыстағы журналистер не біледі?», әлде «Олар өз құқықтарын қорғай алмайды, байғұстар азғантай тиын-тебенге жұмыс істеп, сүрініп- қабынып жүріп біздің жорналды оқи қояр деймісің?», әлде «Оқыса да, бізбен таласып не бітірер?» дегені ме? Өзгенің дүниесің ұрлап абырой жинағысы келетін басылым ұлт мүддесін қорғайды, діліміз мен дінімізді дұрыстай алады, қара орман қазақтың сүйікті басылымына айнала қояды дегенге кім сенеді? Рас, ақшасы барлар өздерін дәріптеп шығара берер. Бірақ, қазақ журналистикасына жаны ашитын, журналист құқығына қол сұғуға төзе алмайтын қалың ағайынның журналға деген көзқарасы өзгерер...

Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

ABAI.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371