Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2894 0 пікір 6 Ақпан, 2013 сағат 05:47

Өзбекше оқып қазақ жүр өз жерінде

Жуырда «Айқын» гәзеті Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында 120 қазақ баланың өзбекше оқып жүргендігін хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының бастығы Балқия Көмекбаеваның хабарлауынша,  мәселені өзбек мектебінің ішінен қазақ сыныптарын ашумен шешуге болатын көрінеді. Сайрам ауданының әкімдігі мұнша балаға бола мектеп ашып машақаттанғысы келмейді. Әрі мұны дабыра қылып жүрген Облыстық тіл басқармасы бастығының жария етіп жіберген 120 баланың  қазақ екендігіне күмән келтіретіні де біртүрлі екен. Сөйтіп, аудан әкімдігі балалардың «қанына дейін тексеріп» олардың аралас некеден шыққандығын, демек, таза қанды еместігін дәйек етіп, қажеттігі жоқтығына сендіріп әлек болуда.

Ал тілдерді дамыту басқармасының бастығы Б.Көмекбаева мұны басқаша ұқтырғысы келеді: бүгінгі таңда облыста 14 мыңнан аса өзбек ұлтының балалары қазақша білім алып жатыр, қазақ сыныптары ашылса, онда оқуға ниет білдіретін өзге ұлттың өкілдері көп. Және де Көмекбаева ханым жалпы, елдегі түркітілді жас ұрпақ орта білімді  мемлекеттік тілде бітіргені жөн екенін алға тартқысы келеді.Әрине, бұл «жөн» ғана емес, мемлекеттік саясат болуы керек, ал мұны мемлекеттің жергілікті бас өкілі - аудандық әкімдік ұқпаса не қыласың? Осыдан келіп туатын сұрақ: Сайрам ауданының әкімі кім? Әкімдікте кімдер жүр өзі?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371