Бейсенбі, 8 Қазан 2026
3139 2 пікір 2 Қараша, 2022 сағат 14:11

Қытайдың Сиан қаласында Қазақстан консулдығы ашылмақ

Қытайдың Сиан қаласында бас консулдықты ашу туралы Жарлықтың жобасы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қол қоюға жіберілді.

"Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Сиань қаласында (Қытай Халық Республикасы) Бас консулдығын ашу туралы Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін", - делінген ҚР Үкіметінің Қаулысында.

Қазақстанның Сиандағы Бас консулдығын ашудың мақсаты : "Бірінші кезекте осы бағыттағы Қазақстан Республикасы консулдық қызметінің қызметін күшейтуге, сондай-ақ өңірде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық (қазақстандық экспортты ілгерілету, инвестициялар тарту және бірлескен кәсіпорындар құру) саласындағы жұмысты жүйелі негізде құруға мүмкіндік береді",-дейді идея авторлары.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 881
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1176