Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2592 0 пікір 7 Ақпан, 2013 сағат 05:57

Ашық хат: Көш тоқтап тұр. Қайдасың, Қазақстан?

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевқа,

Үкімет басшысы С.Н. Ахметовке!

Ашық хат

Әлемнің 40-қа тарта елінде, 5 млн-нан астам қандасымыз тұрады, олардың 1 млн-ы ата жұртына оралды деп бөркімізді аспанға атқанымызбен, 20 жылда тек олардың ұрпағы ғана оралды, демек 5 млн. қандасымыз орнынан қозғалған жоқ деген сөз.

Көрші қытайда 1,5 млн-нан астам қандасымыз тұрады. Ол елдегі қазақ мектептері қытай тілді мектептерге қосылып бітті. Келесі 10 жылда ол елден ана тілін білмейтін, дүбара қазақтарды  ғана  кездестіріуіміз мұмкін .

Қазіргі кезде көш тоқтады, оныңда әртүрлі себептері бар. Мысалы мәселеге Қытай жағынан  қарасақ ҚХР өкіметі:

1.    Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына әртүрлі жәрдемақы тағайындап отыр;

2.    Орта мектеп оқушыларын қытайлар тығыз қоныстанған өлкелерге жіберіп, ақысыз оқыту түзімін жолға қойған;

3.    Қытайдың Шыңжаң өлкесінің орталығы  Үрімжі қаласындағы Қазақстанның визалық тәртіп бөлімінің бастан-аяқ қандастарымызға визаны кезекпен беріп, әуре-сарсаңға салудың жүйесін қалыптастырған;

Солай бола тұрса да,  арғы беттен тарихи отанына оралғысы келетіндер саны аз емес. Оларда арман бар да - дәрмен жоқ. Қазақстан жағы қағазбастылықпен түрлі кедергілерден арыла алмай отыр, сондықтан да ел Президентінен және Үкіметінен өтінеріміз:

1.    Қытайдың Үрімжі қаласындағы, Қазақстанның визалық тәртіп бөлімі қазақтарға кезексіз виза ашуды жолға қойса;

2.    6-16 жасқа дейінгі оқу жасындағы балаларды ата анасына тіркеуді қалпына келтірсе (бұл тек Іле аймағында ғана атқарылып отыр);

3.    Қытайдағы қандастарымыздың балалары мектептерде қоғамдық пәндерді қазақ тілінде оқыса, ал жаратылыстану пәндерін қытай тілінде оқытса да бола береді;

4.    Шетелдегі қандастарымыз шекарадан өтерде, алып өтетін әртүрлі ауылшаруашылық құрал-жабдықтарына, техникаларына Қазақстан жағы кеден салығын еселеп алуын тоқтатса;

5.    Қытайдың Шыңжаң өлкесі Үрімжі қаласынан «Қазақстан мәдениет орталығы» құрылса;

6.    Қазақстанға оралған қандастарымызға, тіркеуден бастап азаматтық алу және тағы басқа жақтардағы қағазбастылықты жеңілдетсе;

7.    Қандастарымыздың көпшілігі егінші-малшы болғандықтан, олардың үй салуына әрі егістік пен жайылым, жер телімдерін алуына мүмкіндіктер жасалып, тегін жер берілсе;

Қазіргі кезде ауыл аудан әкімдеріне барсаңыз, жер 49 жылға жалға беріліп кеткен деп маңайына жолатқысы келмейді.

8.    Шетелден келетін қазақ студенттеріне квота 2 пайыз (1400 оқушы) ғана, оны неге 5 пайызға көтермеске? Әрі олардың универстеттерде жүріп, азаматтық алуы қамтамасыз етілсе. Сөйтіп, университетті бітіре сала жұмысқа орналасып кетуіне жол ашылса;

9.    Бұрынғы ішкі істер министірлігіне қарасты көші-қон комитеті оралмандарға азаматтық және квота беру жұмысымен айналысқан. Осы комитет азаматтыққа құжат жинаған  оралмандардан: тұрғылықты елінің азаматтығынан шығып кел және сотталмады деген қағаз әкел деген сияқты қандастарымыздың тұрған елінің заңына қайшы келетін, қисынсыз қағаздар талап етіп, оралмандардың азаматтық алуына кедергі жасап бақты. Ендігі еңбек министрлігі осы келеңсіз жағдайларды болғызбайды деп білеміз. Тағы да өтінеріміз, үкімет жанынан арнайы көші-қон агенттігі құрылып, оралманға қатысты барлық жұмыстар осы агенттікке жүктелсе;

10. Елбасының оралмандарды солтүстік аймақтарға орналастыру жөніндегі ойына келісеміз, бірақ бұл жағдай «Нұрлы көш» бағдарламасындағыдай былыққа  апармаса болғаны. Оралман қоныстанатын елді-мекеннің мектеп, аурухана, жол, электр қуаты, пошта т.б қажеттіліктермен қамтамасыз етіліп, егістік, шабындық-жайылым  жерлері    қарастырылуы керек деп білеміз;

11. Елге оралған қандастарымыздың ішінде жоғары білімді түрлі кәсіп иелері бар. Осы мамандарды жұмыспен қамту жолдары қарастырылса;

12. Ел Президенті жылына бір рет, шетел қазағы уәкілдерін қабылдап олардың мұң-мұқтажын, талап-тілек, ұсыныстарын шешіп отырса;

13. Қазақта «Шымшық сойса да қасапшысы сойсын» деген аталы сөз бар. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бірінші орынбасары сөзсіз елге оралған - жас, тәжірбиелі, батыл, зиялы азаматтардан болуы керек деп білеміз;

Жоғарыдағы аталып өткен кемшіліктер мен қиыншылықтарды ел Президенті мен Үкіметі тездетіп шешкенде ғана  жат жұрттағы 5 млн. қандасымыз ата-жұртына алаңсыз орала алады, яки көш көлікті болады.

Республикалық «Отандас-ел»

қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы

Байтолла Қайрат

07.02.2013 жыл

ABAI.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5368