Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
1604 1 пікір 3 Қараша, 2022 сағат 13:38

Министр: "Балаларға арналған төлемді алу үшін арнайы шот ашудың қажеті жоқ"

Кәмелет жасқа толмаған балаларға арналған алғашқы төлем 2022 жылы түседі. Ол Ұлттық қордан бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Оның сөзінше қаржыны алу үшін балаларға шот ашудың қажеті жоқ. Шот 2024 жылдан бастап Әділет министрлігінің дерекқорындағы ақпарат негізінде автоматты түрде ашылады. Оның механизмі әзірге талқылану үстінде.

Министрдің айтуынша, арнайы шотқа түсетін қаражат сомасы бала 2024 жылы қанша жасқа толады, соған орай есептеледі.  Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының 50%-ы қазақстандық балалардың шотына түсіп отыратын болады.  Жас азаматтар бұл ақшаны кәмелетке толғаннан кейін ғана пайдалана алады. Қазіргі уақытта елде 6,5 миллионнан астам бала бар.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 676
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2660
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1709