Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
2102 2 пікір 3 Қараша, 2022 сағат 14:12

Құмар ойынға 507 миллион теңге жұмсаған шенеуніктерге қатаң жаза қолданылады

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев казинодағы ойындарға 500 миллионнан астам ақша жұмсаған шенеуніктер туралы түсінік берді.

Оның сөзінше, шенеуніктерге тексеру жүргізіліп, қатаң жаза қолданылады.

"Иә, мұндай ақпарат бар, әлеуметтік желіге шықты. Тиісті мемлекеттік органдар әр факті бойынша тексерулер жүргізеді. Осы тексерулердің нәтижесінде ең қатаң шаралар қолданылады", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысындағы казиноға 507 миллион теңге жұмсаған 305 шенеуніктің анықталғанын хабарлаған болатын.

Олардың ішінде:

Ішкі істер министрлігінің – 97;

Қорғаныс министрлігінің – 95;

Қаржы министрлігінің – 25;

Жоғарғы Соттың – 7;

Қаржы мониторингі агенттіктерінің – 15;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің – 3;

Әкімдіктердің– 36; өзге мемлекеттік органдардың – 27 қызметкері бар.

Прокурорлар мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға жұмсаған қаражатты қайдан алғанын тексеруге шақырды.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 676
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2658
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1706