Сенбі, 23 Қараша 2024
2398 1 пікір 3 Қараша, 2022 сағат 15:33

Қаңтар оқиғасы: 102 адамға рақымшылық жасалуы мүмкін

Қаңтар оқиғасына байланысты қамалған 102 адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаза арқалағандардың қылмысы ауыр санатқа жатпаса, бостандыққа жіберілуі мүмкін. Бірқатар істі тергеу органдары әлі де тексеріп жатыр. Ауыр және аса ауыр қылмыс бойынша алдын ала тергеу толығымен жүргізіледі.  Айта кетсек, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Құжатқа сәйкес, 1,5 мыңнан астам адам амнистияға ілінеді.

«Рақымшылыққа ілінген азаматтардың нақты қашан, қай кезде босап шығатынын айта алмаймыз. Өйткені әлі де тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Іс сотқа жіберіледі, онда қаралады және тек үкім шығарылған кезде ғана сот рақымшылық актісін қолданады. Заңда уәкілетті органдар рақымшылықты орындау үшін 6 ай ішінде барлық ұйымдастыру іс-шарасын қабылдауы керек деген норма бар. Барлығы заң тәртібі негізінде іске асады»– деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364