Сенбі, 23 Қараша 2024
2034 1 пікір 4 Қараша, 2022 сағат 13:13

Қазақстанға 630 млрд теңгеден астам ақша мен мүлік қайтарылды

Қазақстанға шетелге заңсыз кеткен активтер қайтарылып жатыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов хабарлады.

«Активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекетке 630 млрд теңгеден астам сомаға ақша мен мүлікті қайтарды. Прокурорлардың актілері бойынша кеден саласында бюджет 57 млрд теңгеге толықты, мемлекет меншігіне 5 млрд теңгеге 140 мың га жер қайтарылды”,-деп жазды Бас прокурор.

Сондай-ақ оның сөзінше, соттарға құны 13,5 млрд. теңге тұратын мемлекеттік мүлікті қайтару туралы талап-арыз енгізілген.

«Жоғарғы Сот 16 наразылықты қанағаттандырды. Олар бойынша қазынаға тағы 23 млрд. теңге түседі деп күтілуде. Жұмыс жалғасуда»,-деді Берік Асылов

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357