Сенбі, 23 Қараша 2024
1219 0 пікір 10 Қараша, 2022 сағат 12:54

Риддердегі жұрт жылусыз қала ма?

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы да ақау шықты. Осыған орай қала әкімдігі ресми мәлімдеме жасады.

«9 қарашада жылу электр орталығындағы №6 жоғары қысымды қазандық іске қосылған болатын. 10 қараша күні түнгі сағат 01:00-де температурасы 65 градусқа жеткен №6 қазандық апатты жағдайда сөндірілді. Бірден жөндеу жұмыстары басталып кетті», - деді қала әкімі Дмитрий Горьковой.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта орташа қысымды 3 қазандық жұмыс істеп тұр. Апатты жоюға барлық мамандар мен жабдықтар жұмылдырылған.

Еске салсақ, 5 қараша күні сағат 20.00-де аталған орталықтағы күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, №1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылған. Соның салдарынан 22 мыңнан астам абонент үшін жылу беру азайтылды.

Риддер қаласында төтенше жағдай жарияланды. Мектеп оқушылары 11 қарашаға дейін онлайн оқуға көшірілді.

Ал Риддер тұрғындары ЖЭО-ны коммуналдық меншікке қайтару туралы петиция жазды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391