Сенбі, 16 Мамыр 2026
2095 1 пікір 11 Қараша, 2022 сағат 12:52

Астана жұрты 1 340 782 адамға жетті

«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы департаментінің дерегіне сәйкес, 2022 жылдың 1 қазанында Астана қаласы тұрғындарының саны 1 340 782 адамға жеткен», - деп мәлімдеді Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Ұсынылған ақпаратқа қарағанда осы жылдың 10 айында елорданың жедел медициналық көмек стансалары шамамамен 550 мың шақыртуға қызмет көрсеткен.

Қалалық стационарларда 120 мыңға жуық адам емделді. 50 мыңнан астам ота жасалды.

Медициналық санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына 5 млн-нан астам адам жүгінді.

Оның ішінде 2 млн-нан астам адам белгілі бір сала маманының көмегін алды. 21 ана босанды.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2787
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1894