Сенбі, 16 Мамыр 2026
Билік 2427 2 пікір 11 Қараша, 2022 сағат 13:11

Семей полигонынан зардап шеккендер зейнетке ерте шығуы мүмкін

Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтар зейнетке ерте шығуы мүмкін. Егер қоғам тарапынан сұраныс болса, 1992 жылы қабылданған полигон туралы заңға тиісті өзгеріс енгізіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Семейде өткен үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесуінде осылай мәлімдеді, деп хабарлады «Хабар 24» арнасы.

Айтуынша, қазіргі уақытта Денсаулық сақтау және Экология министрліктерінің өкілдері ядролық сынақ тақсіретін тартқан аймақ тұрғындарының денсаулығына зерттеу жүргізіп жатыр. Соның негізінде заңға тиісті өзгеріс енгізілуі мүмкін.

«Заң өз орнында қалады. Екіншіден, өзгеріс қажет болса, арнайы институттар өз ұсыныстарын беретін болса әрине өзгерістер енгізіледі. Заңға сәйкес Семей полигонынан зардап шеккен азаматтар 45 жастан зейнетке шығады», - деді басшы.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2780
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1888