Өзіңе бақытты болуға тыйым салма
Мүлде саяхатқа шықпайтын, кітап оқымайтын, музыка тыңдамайтын адамды бұл дүниемен қоштасуға дайын "тірі өлік" деп атасақ қателеспейміз. Өз бойында үйлесім таппай, жалғыздықта өмір сүретін адамды қалай түсінуге болады? Өз-өзіне деген сенімнен айырылған, жұрттың көмегінен мүлде бас тартқан адамның өмірі қандай? Махаббаттың түбіне жететін адамды да "тірі өлік" қатарына жатқызсақ қателеспейміз. Жан дүниесі езілген адамның жанын тат басып, ол үнемі өмірге өкпесін айтып, тіпті жауып жатқан Құдайдың нұры - жауынға да наразылық білдіреді. Өз жұмыстарын бастамай жатып, орта жолда қалдырған адамды тірі өлік десе болатындай. Ол біреумен шүйіркелесіп, әңгімелерден бойын аулақ салады. Өз әрекеттері мен нәпсінің құлына айналған адамның тағдыры аянышты. Күн сайын бір бағытта жылжып, бағытын ешқашан өзгертпейді. Бөтен адамдармен сөйлесуден қашқақтайтын адамды мүсәпір деуге болады. Құмарлықтан бас тартып, есінеудің орнына күлімсірейтін адамды қалай түсінеміз? Тіпті бұлар шынайы келбетін, эмоциясын да көрсете алмайды. Кездейсоқта ашудан дастарханды төңкермейтін, тағдырдың әділетсіздігіне қарсы тұрмайтын, тәуекелге бармайтын, сезімі мен махаббаты үшін күреспейтін, кейде өмірде бір рет болса ақылды данышпандардың ақылын тыңдамайтын адам "тірі өлікке" айналады. Шынайы тірі адам болып, шырғалаң, тірлігі көп өмірде өз орнын табу үшін адамзат баласы ұлы шайқасқа түсуі тиіс. Өмір терең тыныстап демалудан басталады. Дәл қазір, дәл бүгін өмір сүр! Бақытқа жету жолында тәуекелге түс. Дәл қазір өмір сүр, өтірік, жалған тірліктен қаш.
Дәурен Мұқанов
Abai.kz