2023 жылы елімізде ІІ Түркі универсиадасы өткізілмек
2023 жылы Қазақстанда ІІ Түркі универсиадасы өтеді. Бұл туралы Президент Тоқаев Самарқандта өтіп жатқан саммит барысында мәлімдеді.
«Түркі мемлекеттерінің білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығын нығайту қажет. Осыған орай, біз 2023 жылы Қазақстанда ІІ Түркі универсиадасын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Оны Түркі университеттері одағы аясында өткізуге болады”,-деді ол.
Мемлекет басшысы академиялық ұтқырлықты дамытып, студенттер арасында мәдениетаралық диалог орнатуға мән беру керектігін айтты.
«Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру қажет. Сондықтан, 2023 жылы Түркі елдері университеттерінің ортақ желісін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Бұл бастама студенттеріміздің түркі тілдерін үйреніп, бауырлас елдердің тыныс-тіршілігімен танысуына жол ашады”,-деді
Abai.kz