Сейсенбі, 8 Қазан 2024
1627 0 пікір 14 Қараша, 2022 сағат 12:51

Коронавирус Қытайды тағы әбігерге салуда

Қытай Қазақстаннан келетін жолаушыларға қойылатын талаптарды өзгертті, деп хабарлайды Қытай елшілігінің сайты.

"Эпидемияны бақылауда ұстау мақсатында Қытайдың Қазақстандағы елшілігі мен Бас консулдығы "HS" (немесе "HDC") денсаулық кодын алуға қойылатын талаптарды жаңартуда", – делінген Қытай Елшілігінің сайтында.

Енді Қазақстаннан Қытайға тікелей рейспен бара жатқан жолаушыларға ұшуға дейін 48 сағат ішінде Қазақстан Республикасының аумағында ресми тіркелген зертханада бір рет ПТР-тест тапсыру қажет.

Екіншіден, ПТР тестінің нәтижесін және қажетті құжаттарды электронды жіберу арқылы денсаулық кодын алуға өтініш беру керек.

"Өтінім өңдегеннен кейін Қытайдың Қазақстандағы елшілігі немесе бас консулдығы "денсаулықтың жасыл кодын" береді. Рейске тіркелу кезінде авиакомпания қызметкеріне "жасыл денсаулық коды" мобильдік қосымшасы арқылы (алдын ала жасалған скриншот қабылданбайды) көрсетеді", – деп атап өтті елшілік.

Abai.kz

0 пікір