Сенбі, 23 Қараша 2024
2497 12 пікір 14 Қараша, 2022 сағат 13:56

Масқара: Қазақ шенеунігі қазақша сұрақты түсінбейді

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Үкімет сағатында мемлекеттік тілде қойылған сауалға орысша жауап берген Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықовты сынады.

«Егер менің сұрағыма сізге және ауыл шаруашылығы министрлігіне, шекара қызметінің бірінші орынбасарына қойылғандай қазақ тіліндегі сұраққа орыс тілінде жауап беретін болсаңыз, онда жауап қайтармай-ақ, қойсаңыз болады. Өзге вице-министрден қағаз түріндегі жауапты өзім алып аламын. Мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік тілде қойылған қазақша сұарғына өзге тілде – орыс тілінде жауап беруді «нонсенс» деп санаймын», - деді депутат.

Елнұр Бейсенбаевтың сұрағына жауап бермек болған Тимур Жақсылықов қазақ тілінде қойылған сұрақты түсінбей «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы айта бастады. Содан соң депутат министрлік өкіліне былай деп сұрақ қойды:

«Құрметті вице-министр мырза, мен сізден «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қалай іске асқанын сұраған жоқпын. Мен сізден: «Қанша балықшыны даярладыңыздар? Қанша балықшы диплом алып, ауылға барды? Қанша балықшы үй және әлеуметтік қолдау алды? 2009-дан бері 13 жылда қанша балықшыға қолдау көрсеттіңіз?» - деп сұрадым. Ал «Дипломмен ауылға» бағдарламасын біз сізден артық білеміз. Қанша қаражат бөлініп, қалай іске асып жатқанын. Қанша балықшы барды, сонымен? Сізде есебі бар ма?».

«Кешіріңіз қазіргі таңда менде толық ақпарат жоқ, осы сұраққа жазбаша түрде жауап беруге рұқсат етіңіздер», - деді Ұлттық экономика вице-министрі.

Бұл қазақ шендісінің қазақша қойылған сұраққа өзге елдің мемлекеттік тілінде жауап беріп тұрған алғашқы оқиғасы емес. Сонда бұл қазақша түсінбейтін министрлік өкілдері қай елдің азаматтары?

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452