Сенбі, 23 Қараша 2024
1394 0 пікір 17 Қараша, 2022 сағат 11:06

Қарағандыда 14 жүк вагоны рельстен шығып кетіп, пойыздар тоқтатылды

Бүгін таңертең Қарағанды маңындағы «Қарабас» өткелінде 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті. Аталмыш учаскеде барлық пойыз уақытша тоқтатылды.

Төтенше жағдай бүгін таңертең болды. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

«17 қараша күні, таңғы сағат 6.15-те Қарағанды облысының Қарағанды – Сұрыптау – Ақадыр учаскесінің 767 Қарабас – ОП аралығында жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Учаскеде жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәліметке сәйкес, рельстен шығып кету жеке меншік иелеріне тиесілі вагондардың істен шығуына байланысты болды», - делінген «Қазақстан темір жолы» сайтында.

Аталмыш факті Қарағанды облысының көлік полициясында тіркелді. Кінәлілер теміржол көлігінің қозғалысы мен пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

«Аталған факті Қарағанды – Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігі, яғни теміржол көлігінің қозғалыс және пайдалану қағидаларын бұзу бойынша тіркелді. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабы талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Апат салдарын жоюға Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502