Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4372 0 пікір 11 Тамыз, 2009 сағат 12:05

Ертегілер елінде...

Иә, Сарыарқаның тұлпар шапса, тұяғы тозатын сайын даласының қақ жүрегіндегі осынау жауһарды басқаша атау мүмкін емес. Баянауыл - расында, еліміздің табиғат маржаны іспеттес, мұндағы аласа шоқылар (ең биігі - Ақбет тауы), тақтай гранитті тесіп-жарған қарағай-қайың шоғырлары, түбіне түскен тиынға дейін жалтырап көрінетін Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр көлдері, жаза берсек, суреттеуге сөз жетпейді. Ең қызығы, әрі "Ертегілер елі" деген атауына жақындата түсетін тұсы - табиғат-шебердің мешеу тастарға тіл бітіріп, жан беруі еді. Сеңбессіз, бірақ Баянауылдағы жел мен жаңбырдың күшімен қашалу арқылы өмірдегі таныс бейнелерге айналған "Кемпіртас", "Кептер", "Туфлитас", "Ұлыған бөрі", "Грузин", "Пушкин профилі", "Танк", "Ер-тоқым", "Ұлу", "Маймыл" тастарын көріп, таңдай қағасыз. Бұдан басқа мың да бір бейне бар, "Қасиетті үңгір" дейсіз бе, "Махаббат аралы" ма - әттең, осы бір ғажайыпты фотобаянымыздағы кескіндер де толығымен бере алмайды...

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 668
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2624
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1687