Сейсенбі, 8 Қазан 2024
1147 1 пікір 20 Қараша, 2022 сағат 15:57

Шетелдік бақылаушы: "Алматыда сайлау процесі ережеге сай өтіп жатыр"

"Алматыда сайлау процесі штаттық режимде өтіп жатыр",-дейді Франция Республикасының Сенаторы, Еуропалық істер жөніндегі тұрақты комитет төрағасының орынбасары, Заңнама жөніндегі тұрақты комитеттің хатшысы, бақылаушы Андре Марсель Рейшард. 

«Қазақстан Еуропалық Одақтың қызығушылығын тудырады, өйткені Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы сияқты ірі елдермен көршілес орналасқан», - деді спикер.

Андре Марсель Рейшар Қазақстан қазір дамудың өте маңызды кезеңінен өтіп жатқанын айтты. «Қазір Қазақстан халқы дауыс беру арқылы елдің болашағы туралы өз шешімін қабылдауда», - деді спикер. Андре

Марсель Рейшар таңертең Алматыдағы төрт сайлау учаскесіне барып үлгергенін, түстен кейін тағы сонша сайлау учаскесіне баруды жоспарлап отырғанын мәлім етті.

«Мен сайлау процесінің өтуін қалыпты деп бағалаймын, бәрі қалыпты режимде жүріп жатыр. Процесс стандартты болып табылады: адам келеді, жеке куәлікті көрсетеді және жергілікті сайлау комиссиясы оны сайлаушылар тізімінен тексереді, содан кейін ол қол қояды, содан кейін ғана оған бір сұрақ бар бюллетень беріледіЕң бастысы, принципті сақтау үшін бәрі жасалуда: бір сайлаушы – бір дауыс», - деді Андре Марсель Рейшард.

 

Abai.kz

1 пікір