Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1142 1 пікір 23 Қараша, 2022 сағат 15:54

Алматыда EdCrunch Reload 2022 «Ақыл-ой мен технологиялардың тоғысуы» халықаралық конференция өтіп жатыр

Республика сарайында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов және Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен EdCrunch Reload 2022 халықаралық конференция басталды.

Іс-шараға 25 елден 350 сарапшы қатысқан. Олардың ішінде Израиль, Финляндия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения елінің ғылым және білім министрлері, сонымен қатар, әлемдік деңгейдегі жиырмадан астам жетекші университеттің ректорлары бар.

EdCrunch спикерлері арасында Minerva инновациялық университетінің негізін қалаушы Бен Нельсон, General Assembly оқыту және инновациялар жөніндегі вице-президенті Дэвид Поркаро, Лондон Корольдік колледжінің генетика профессоры Роберт Пломин, әлемдегі алғашқы Lab of Misfits нейродизайн студиясының негізін қалаушы Бо Лотто және білім беру саласындағы көптеген басқа халықаралық сарапшы бар. Алқалы жиынға Қазақстан атынан мектеп директорлары, ЖОО ректорлары, мұғалімдер, тәрбиешілер және офлайн және онлайн форматта қатысқан 20 мыңнан астам адам жиналды.

Конференция барысында сарапшылар оқытудың гибридті форматы, мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектісін дамыту, цифрлық трансформацияға бейімделу, Big Data пайдалану мүмкіндіктері, білім беру кеңістігін жобалау және т.б. мәселені талқылады.

23 және 24 қарашада конференция күндері іс-шара қонақтары үшін EdCrunch Expo интерактивті көрмесі ұйымдастырылды, оның аясында офлайн және онлайн режимде жаңа EdTech өнімдерімен, олардың авторларымен танысып, кездесу өткізуге, жеткізушілер мен серіктестер табуға болады.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394