Сенбі, 23 Қараша 2024
1607 0 пікір 25 Қараша, 2022 сағат 13:22

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр

Соңғы бір аптадан бері Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны қайтадан көбейіп жатыр. Бұл туралы өлкенің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.  

Мекеме мәліметіне қарағанда, 24 қарашада 98 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталған.

Соңғы бір аптада 482 адам ауруханаға жатқызылса, 358 науқас жазылып шыққан. Бұдан бөлек 2 310 адам карантинге алынып, 1 306 адам карантиннан шығарылған.

"Соңғы 14 күнде Өзбекстанда вирустың жайылу көрсеткіші 2,0-ді құраған (ДДСҰ көрсеткіші бойынш 1,0 болса, ахуал тұрақты деп есептелінеді).

23 қарашаға қарағанда Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 245 665 адамға жетіп, олардың 243 234-ы (99,1%) жазылып шыққан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371