Елімізде 22 жекеменшік ЖЭО-ы бар
Елімізде 37 жылу электр орталығы болса, оның 22-сі жекеменшік, 10-ы мемлекеттің меншігінде. Ал қалған бесеуі квазимемлекеттік сектор иелігінде. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді.
Мемлекеттік ЖЭО-лар Астана, Шахтинск, Арқалық, Тараз, Семей, Қостанай, Орал, Кентау, Қызылорда қалаларында, квазимемлекеттік сектор иелігіндегі ЖЭО-ның үшеуі Алматыда, ал екеуі Ақтауда орналасқан.
Жекеменшік жылу электр орталықтарының тізімі:
Балқаш ЖЭО «Kazakhmys Energy» ЖШС;
Жезқазған ЖЭО «Kazakhmys Energy» ЖШС;
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖЭО ЖШС;
«Өскемен ЖЭО» ЖШС;
Петропавл ЖЭО-2 «СевКазЭнерго» АҚ;
«Риддер ЖЭО» АҚ;
ЖЭО-ПВС АҚ «АрселорМиталл Теміртау»;
ЖЭО-2 «АрселорМиталл Теміртау» АҚ;
«Текелі энергетикалық кешені» ЖЭО ЖШС;
ЖЭО-1 ЖШС «Қарағанды Энергоцентр»;
ЖЭО-2 «Павлодарэнерго» АҚ;
«Согринская ЖЭО» ЖШС (Өскемен);
Рудненская ЖЭО «ССГПО» АҚ;
«Атырау ЖЭО» АҚ;
ЖЭО-1 «Қазақстан алюминийі» АҚ ERG (Павлодар);
«Степногорск ЖЭО» ЖШС;
ЖЭО-3 «Павлодарэнерго» АҚ;
«Екібастұзтеплоэнерго» ЖЭО ЖШС;
ЖЭО-3 «Қарағанды энергетикалық орталығы» АҚ;
ЖЭО-3 «3-Энергоорталық» АҚ ERG (Шымкент);
«Ақтөбе ЖЭО» АҚ;
«ГРЭС-1» ЖШС Bassel Group LLS (Теміртау).
Айта кетейік, өткен жексенбіде Екібастұздағы ЖЭО-да апат болып, қазандықтар істен шыққан. Қала халқы жылусыз қалды. Соған байланысты өңірде төтенше жағдай жариялады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың премьер-министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырғаны мәлім болды.
Abai.kz