Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
2825 6 пікір 1 Желтоқсан, 2022 сағат 16:50

Қазақстан мен Франция бірігіп, жел электр станциясын салмақ

"Самұрық-Қазына", "ҚазМұнайГаз" және Францияның Total Eren компаниясы Қазақстанның оңтүстік-шығысында жел паркін салу туралы келісімге қол қойды. Екі ел арасындағы келісімге қол қою рәсіміне Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.

“Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу мәселелері туралы Үкіметаралық келісімге қол қойылды. Жел электр станциясы 2026-2027 жылдары пайдалануға беріледі, бұл біздің еліміздегі ЖЭК нысандарының жиынтық энергия өндірісін шамамен 50 пайызға арттырады. Жобаның болжамды құны – 1,9 миллиард доллар”, – делінген хабарламада.

Мәлімет бойынша, Қазақстанда алғаш рет жел электр станциясы электр қуатын жинақтау жүйесімен толықтырылады. Бұл жоба жаңартылатын энергия өндірісінің табиғи құбылмалылығын реттеуге, артық электр энергиясын жинақтауға және энергия желісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1417
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2993
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1066
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 996